Ата-аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ » № 4 бастауыш мектебі
Жамбыл Облысы әкімдігінің білім басқармасы
Жамбыл ауданының білім бөлімінің
«№4 бастауыш мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7 (726) 333-15-37
Есепші бөлімі:
+7 (707) 421-99-24
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Ата-аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ
30
ноябрь
2018

Ата-аналар жиналысының ХАТТАМАСЫ

№4   бастауыш мектебі

Ата-аналар жиналысының

ХАТТАМАСЫ

 

Күні : 21.10.2018                                                                     Қызылдихан  ауылы

 

Қатысқандар: 1-4 сынып ата-аналары- 17,мектеп  мұғалімдері-7, АІІБ  инспектор полиция майоры Е.Оразбаев

 

        Күн тәртібінде

1.2018-2019  оқу жылындағы  № 4 бастауыш мектебінің  меңгерушісінің жылдық есебі

2.Жас өспірімдердің  құқық бұзущылығының  алдын алу жұмыстары бойынша  АІІБ  инспектор  полиция майоры Е.Оразбаев  есебі

3. Әр түрлі мәселелер

 Тыңдалды:

1-ші мәселе бойынша   мектептің меңгерушісі  Г.К.Берденова   2018-2019/ оқу  жылында  қамқоршылық кеңесіне есеп берді. Мектеп меңгерушісі өз есебінде  2018-2019 оқу жылында мектептің, мектеп  ұстаздарының және білім алушыларының   атқарған  қызметтері, өткізілген іс-шаралары және жеткен жетістіктері туралы баяндады. 2018-2019 оқу жылын 1-4 сыныптарды 45 білім алушы  70 %  білім сапасын көрсетті.Үлгерім 100 % үлгермейтін білім алушы жоқ. Оқу жылында жетістікке жеткен оқушылар    Аяна Алтынбек- Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиадасының   1-дәрежелі   диплом иегері ,Құрманова  Жанна - Жамбыл ауданы  әкімдігі білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен «Жасай бер жас Астана!»  атты мәнерлеп оқу сайысының 2 орын, «Ақ бота» олимпиадасынан  3 сынып оқушысы Балтабай Бағзат  2 орын иеленді.

  Метепте мектеп білім алушыларын тәрбиелеу мақсатында мектептің тәлімгері  Курайшова Жазира   «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» -атты елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  мақаласының мазмұнын басшылыққа ала отырып

 

 

 жасаған тәрбие жоспары бойынша, бірнеше іс-шаралар, сынып сағаттары өтікізілді. Әр бір сынып сынып жетекшілерімен Жамбыл облысының тарихи жерлеріне топтық саяхатқа шығып, тарихи ескерткіштермен танысты.

2-ші мәселе бойынша бойынша   АІІБ   инспектор  полиция майоры Е.Оразбаев  өз есебінде ҚР ІІМ бөтеннің мүлкін ұрлауға қатысты  іс-қимыл жөніндегі  2018-2020 жылдарға арналған бағдарлама  бойынша  мектептерде профилактикалық  жұмыстар мен   кездесулер, яғни  қылмыстың алдын алу  мақсаттарында  түсіндірме жұмыстарының жүргізілгенінін және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектептерде бірнеше іс-шаралар жүргізілгенін,атап айтқанда « Мен және менің полицейім», «Қауіпсіз жол», «Жасөспірім» , «Зорлық зомбылықтың алдын алу», «Аумақ», «Нөлдік төзімділік», «Борышкер» тақырыптары бойынша құқықтық іс –шаралар  бойынша  профилактикалық  жұмыстар жүргізілгенін баяндады.

   Жас өспірімдердің  арасында қылмысты  азайту мен алдын алу  мақсатында   түнгі рейдтік  жұмыс жүргізу барысында сағат 23.00 ден кейін ата-анасының қарауынсыз түнгі мезгілде жүруге болмайтыны туралы  түсіндірме жұмыстары  және лекциялар  оқыды.

 3-ші мәселе бойнша  қамқоршылық кеңесінің төрайымы Г.Абитаева  қамқоршылық кеңес мүшелерінің  міндеттері мен атқаратын  іс-әрекетітері жайлы айтты.Қамқоршылық кеңес мектептің  өзін-өзі басқару  органы болып табылатынын  және мектептің қызметі мен дамуына жәрдемдесу  үшін  құрылатынын айтып өтті.Қамқоршылық кеңес мектептегі балалардың қажетіне пайдаланылатын  материалдық  жағдайын қамтамасыз   ету,әлеуметтік жағдайы төмен  отбасыларынан шыққан  оқушыларға қолдау  көрсету,мектепке жабдықтар,материалдар мен оқу-әдістемелік  әдебиеттер сатып алуға көмектесуі үшін  құрылатынын айтып өтті.

 

Шешім:

<!-- [if !supportLists] -->1.    <!-- [endif] -->Мектеп меңгерушісі Г.Берденованың  есебі қанағаттанарлық деп  танылсын. 2018-2019 оқу жылындағы мектептің жоспары бойынша құрылған іс-шаралар  жандандырылсын .

 

 

2. Жас өспірімдердің  құқық бұзущылығының  алдын алу жұмыстары бойынша АІІБ  инспекторы полиция  мойоры  Е.Оразбаев     есебі қанағаттанарлық деп бағалансын.

3.Қамқоршылық кеңестің мүшелері комиссия құрып ,әлеуметтік жағдайы төмен  отбасы балаларын анықтасын.

Хатшы                                                  Г.Даулетбахов

Мeктеп меңгерушісі:                  Берденова Г.К